Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабақ үстінде Оксимиронның рэпін оқыған оқушыға қатысты Хабаровск мектебі түсінік берді

Хабаровск қаласындағы №5 мектеп-гимназия директоры Эдуард Перепечай мектебінде болған оқиғаға қатыс түсінік берді. Ол Осип Мандельштамның өлеңін оқып тұрған мектеп оқушысының әрі қарай Оксимиронның рэпін айтып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. pic_22703caa86899624807c3408ae94fd68

Бұл туралы Lenta.ru сайты хабарлайды.

Перепечайдың айтуы бойынша, оқушы қыз классикалық шығармалар мен заманауи өлеңдерді салыстыруға берілген тапсырма негізінде рэп айтқан.

“Ол мұғалімнің берген тапсырмасын орындады. Яғни, Осип Мандельштамның өлеңі мен Мирон Федоровтың (Оксимирон) рэп шығармасын салыстырған. Классиктің “Бесшумное веретено” өлеңі мен рэппердің “Переплетено” өлеңдерін талдап, оқушы “бестікті” лайықты алды”, – дейді мектеп басшысы.

Директор оқушыны “беске” бағалаған әдебиет пәнінің мұғаліміне қатысты ешқандай күдігі жоқ екенін де айтты. Сабақта ұялы телефон қолдануға болмайтындығына қарамастан, оқушылардың бірінің бейнекамераға түсіріп отырғанын мұғалім байқамаған.

“Сабақта оқушылардың ұялы телефон пайдалануына қатысты дұрыстап көңіл бөлеміз. Оқушыларға тым қатаң шара қолданбаймыз. Енді оқушылармен тәрбиелік бағыттағы кеңестер жүргізілетін болады”, – дейді Перепечай.

Мектеп директоры керісінше желіде пайда болған бейнежазба, адамдардың Мандельштам шығармашылығына деген қызығушылығын арттыра түседі дейді. Ал ол Оксимиронды мамыр айындағы соңғы қоңырау мерекесіне қатысу үшін мектепке шақырғанын да айтты.

2 ақпан күні интернет желісінде Анастасия Ан атты оқушы қыздың әдебиет сабағы үстінде Оксимиронның рэпін оқыған бейнежазбасы пайда болған еді.

Оксимирон – Vagabund тобының негізін салушы әрі мүшесі. Осы күнге дейін ол 2 альбом шығарған.

2016 жылы Ресейде Осип Мандельштамның 125 жылдығы аталып өтпек. Ақынның туған күнінде түрлі жиындар, оқулар мен театрландырылған қойылымда өткізіледі деп жоспарлануда.

Талқылау