Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да оқушылар сабаққа бармай мақта теруге жегілген

Сабақ уақытында оқушыларына мақта жинатқан Мақтаарал мектептерінің директорлары сөгіс алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4

Мақта алқаптарында балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактісі орын алғаны жайлы белгілі болғанда Мақтаарал ауданындағы білім беру мекемелерінің басшылары жазаға тартылды.  Аудандық прокурорлар тексеріс кезінде оқушылар сабаққа барудың орнына мақта жинағанын анықтады.   Мұндай жағдай алты мектепте орын алды, онда прокурорлар 400 бала сабаққа қатыспағанын анықтады.  Бір оқу орнында 9 сынып оқушылары сабаққа мүлде келмеген.

Аудандық білім бөлімі бұл фактіге қатысты тиісті шараларды қолға алды.

«А.Фердоуси атындағы ЖОМ директоры Қ.Басиевке қатаң сөгіс, М.Тұрсын Заде атындағы  №38 ЖОМ директоры З.Ұзақоваға және «Асыл Мұра»  ЖОМ директорының міндетін атқарушы А.Жораеваға сөгіс жарияланды. Тағы бірқатар мектеп басшылары ескерту алды. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің кезекті кеңесінде А.Науаи атындағы ЖОМ директоры К.Нуфтуллаевтың бұған дейінгі алған тәртіптік шаралары ескеріле отырып, қызметіне сәйкес еместігі қаралатын болады», – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Талқылау