Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүт қосылған шай неліктен зиян?

Сүт қосылған шай – талғап ішетін адамдардың сусыны. Десе де ықылым заманнан мал асырап, бағу арқылы күн көретін қазақ халқы үшін сиыр сүтінің орны ерекше. Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап ана сүтін, одан кейін сиыр сүтін ішетін қазақ баласының санасында “сусынның бұл түрі қалай ішсең де пайдалы” деген ой қалыптасып қалған. Алайда шын мәнінде сүтті шайға қосып ішкен қаншалықты дұрыс? Оның пайдалы және зиянды тұсы қандай?

Сүт қосылған шай неліктен зиян?

Stan.kz шетелдік ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, “ақ шайдың” пайдасы мен кері әсерін анықтап көрді.

Британдық ғалымдардың зерттеуіне жүгінетін болсақ, шын мәнінде сүт шайдың пайдалылығын төмендетіп, оның құрамындағы маңызды антиоксиданттарды 15-25 пайызға дейін азайтады екен. Бұл дегеніңіз, сүттен бас тарту арқылы адамның денсаулығы едәуір жақсара түседі деген сөз.

Бір қызығы, сүттің зияндылығы оның қаншалықты майлы екеніне байланысты екен. Мәселен, майсыз сүт майлы сүтке қарағанда әлдеқайда зиян болып табылады.

Бұл ретте дүкен сөрелерінде толып тұрған сүт қораптары едәуір зиян деген байлам жасауға толық негіз бар. Себебі олар шайдың құрамындағы антиоксиданттарды біз атап көрсеткен мөлшерден де көп жояды.

Неміс дәрігерлері жүргізген келесі бір зерттеуге сәйкес, сүт қосылған шай жүректің жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді. Себебі сүттің құрамындағы казеиндер шайдың құрамындағы катехиннің концентрациясын төмендетеді (бұл заттар арқылы қан тамырларының кеңеюі процесі жүзеге асады), ал ол гипертония дертіне немесе қан қысымының тұрақсыздығына әкеліп соқтырады.

Десе де, сүт қосылған шайдың құрамында адам денсаулығына қажетті мөлшерде кальций болады екен. Демек, түптеп келгенде бұл сусынның да пайдалы тұсы бар.

Тағы оқыңыз >>>

Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны анықталды

Күнделікті екі жұмыртқа жеудің денсаулыққа 9 түрлі пайдасы бар

Талқылау