Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктің джинсыңызды құтқару жолдары: «ыңғайсыз» жерін жамау (фото)

Сүйікті джинсыңызға екінші өмір сыйлаудың түрлі тәсілдері бар. Ол әдемі әрі безендіруге арналған былғары жапсырма, кесте не сәнді бастырмалар болуы мүмкін. Десе де кейде шалбарымыздың жамауға келмейтін тұсы жыртылып жатады. Не істеу керек?

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b138

Қажетті заттар:

  • желімді мата;
  • джинсыңыздың түсіне сәйкес жіп;
  • қайшы;
  • тігін машинасы.

Джинсыды теріс айналдырып, желімді матадан жыртықты толығымен жабатындай мөлшерде қиып аламыз.

a87ff679a2f3e71d9181a67b7542122c115

Желімді матаны үтіктейміз.

1679091c5a880faf6fb5e6087eb1b2dc100

Егер жамау байқалмай тұрсын десеңіз, желімді мата орнына жұқа зығыр немесе джинсыдың түсіне сәйкес мақта мата қолдануыңызға болады.

Мұнан кейін джинсыдың беткі жағынан жыртықты қайып тігеміз. Тігісті жыртыққа перпендикуляр етіп жүргіземіз.

45c48cce2e2d7fbdea1afc51c7c6ad2671

Тігісті «артқа қарай жүру» қызметі бойынша жүргізуге болады.

Мығымдығы үшін жамаудың шеттеріне периметрі бойынша тігіс жүргізе аласыз.  Немесе шетінің артық тұстарын қиып тастаңыз.

Мінекей, бұл жаңа джинсыңыз.

c51ce410c124a10e0db5e4b97fc2af3944

Жамаулар әсемдік мақсатында тігілгендей көріну үшін, оларды бірнеше жеріне тігуіңізге болады.

aab3238922bcc25a6f606eb525ffdc5645

9bf31c7ff062936a96d3c8bd1f8f2ff336

Оған қоса түрлі-түсті жіп қолданыңыз. Мысалы, көк және ақ түсті қоса аласыз.

Тозған әрі жыртылғандай көрінетін джинсылар сан жылдар қатарынан сәннен қалмай келеді. Сондықтан мұндай жамаулар джинсыңызбен қайта қауыштырып, оны анағұрлым сәнді ете түседі.

Талқылау