Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйектен кәдесый жасаған қандасымыз шетелдіктерді таңғалдырды (фото)

Малдың сүйегінен, мүйізінен кәдесыйлар жасайтын қандасымыз Махамбет Қоңқай EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ашылған Этноауылда шетелдіктерді шеберлігімен таң қалдырды.

a604bd91-7e76-4853-8b45-7764db560ff3

Моңғолиядан келген қандасымыз сүйектен, мүйізден және ағаштан кәдесыйлар жасаумен 2 жылдан бері тұрақты айналысып келеді екен. Атадан балаға жеткен өнерден қол үзгісі келмеген ол қаншама мүмкіндіктерден бас тартып, азғантай кірісіне қарамастан осы саладан айырылмай отырғанын айтады, – деп хабарлайды Baq.kz.

a604bd91-7e76-4853-8b45-7764db560ff3

“Бұл өнер маған қанмен келген. Әкем де, атам да ағаштан түйін түйген шеберлер болды. Сауда саласында табысы мол үлкен мүмкіндіктер болды. Бірақ, бәрібір осы өнер мені басқа арнаға бұрғызбады. Өйткені тек осы жұмысымнан ғана ләззат аламын, ықыласыммен істеймін”,- дейді он саусағынан өнер тамған шебер.

images

Махамбет Қоңқайдың қолынан шыққан кәдесыйлардың барлығы малдың сүйегі мен мүйізінен, мәрмәр тастар мен ағаштан жасалған. Әр туындысының дизайнын да өзі дайындап, оюларды өзі салатын шебер әшекейлі ағаш сандықтарды да жасайды екен.

20170222111408

“Мен кәдесыйдан бөлек ағаштан сәнді сандықтар жасаймын. Оған да сүйектен оюлар оямын. Туындыларымның барлығына тек сүйек, мүйіз, ағаш сияқты табиғи өнімдерді пайдаланамын. Ешқандай бояу да қолданбаймын. Жіліктердің, кеміктердің барлығы майы алынып, құрғатылған. Пішінін ешуақытта өзгертпейді”, -дейді қандасымыз.

58c4b4dc9eac0d0ce50aad1c74ddb40c

Этноауылды тамашалауға келген қытайлық қонақ Махамбеттің қолынан шыққан кәдесыйларға ерекше тәнті болды. Әсірсе, мүйізден жасалып, кеміктен қақпақ орнатқан шақшаға таң қалған қытайлық қалтасында теңгесі болмағанына қарамастан шақшаны Қытай юанімен сатып алды.

58c4b4dc9eac0d0ce50aad1c74ddb40c

“Мен Қытайдың қазақтар көп қоныстанатын Шыңжаң өңірінен келдім. Сондықтан қазақ халқының мәдениет, салт-дәстүрімен жақын таныспын. Бірақ бұл шебердің туындылары мені ерекше таң қалдырды. Насыбай салатын шақшаны сүйектен жасау тек хас шебердің ғана қолынан келетін болар”,- дейді қытайлық турист.

Тағы да оқыңыз:

Астанада туу туралы және адам өлімі туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады

Жетісулық шебер әйнек сынығынан мешіттің шағын моделін жасайды (фото)

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Талқылау