Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүт қосылған бауырсақ рецепті

Stan.kz ақпараттық агенттігі ашытқы қосып, сүтке иленген өте дәмді бауырсақ рецептісін ұсынады.

Бауырсақ – қазақ асханасының визит карточкасы болып табылатын өте дәмді тоқаш. Бауырсақ бұл шыжыған майда әзірленетін Орталық Азия асханасының, соның ішінде қазақтар мен татарлардың және башқұрттардың дәстүрлі тағамы.

Кейде бауырсақты тәтті етіп дайындап және десерт ретінде ұсынып жатады. Бірақ, көбіне бауырсақ нанның орнына қолданылады. Өйткені әдетте, ол ашытылған, өте тәтті емес қамырдан дайындалады.

Бауырсақ үй жағдайында қалай дайындалады

Бауырсақты  үй жағдайында сүтпен дайындау үшін кем дегенде 3 сағат кетеді. Бауырсақ ашыған қамырмен дайындалатындықтан, нан көтерілу үшін уақыт қажет. Содан кейін қамырды дөңгелектеп бөліп, өсімдік майына пісіру ғана қалады.

Дегенмен, бауырсағыңыз жұмсақ, әрі дәмді болу үшін қамырды сүтпен илеген дұрыс. Ол үшін 1 стақан сүт, 1 стақан су, 700 грамм ұн, 1 шай қасық қант, 10 грамм құрғақ ашытқы, 1 шай қасық тұз, 1 жұмыртқа және дәміне қарай өсімдік майы қажет.

Дайындалу әдісі:

  1. Жылы сүт тұрған ыдысқа ашытқы мен қант қосыңыз. Содан кейін ашытқы қоспасын араластырыңыз да көтерілгенше 15 минутқа қойып қойыңыз. Осы ашытқыға 40 грамм ұн қосып әзірлеп көрсеңіз де болады.
  2. Сүт ашытқысы көпіршіп, көтерілген соң оған ұн қосыңыз. Бірақ, алдымен ұнды електен өткізіп алыңыз. Сосын бір стақан суға тұз ерітіп ұнның үстінен құйыңыз.
  3. Қамырды илеп, оған жұмыртқа қосамыз. Қамырды біркелкі консистенция болғанша илеңіз.
  4. Қамыр көтерілу үшін бетін жауып, 1-2 сағатқа орап қойған жөн. Бір сағаттан кейін иін қандырып тындыру керек. Осыдан кейін қамырмен бауырсақ жасай беруге болады.
  5. Қамырдан шағын дөңгелек жасаймыз да 20 минутқа тындырып қоямыз. Содан кейін оларды қызған өсімдік майы тұрған табаға салыңыз.

 

Талқылау