Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүлеймен сұлтанның моласы табылды

Мажарстандық тарихшы 1566 жылы Сигетвара қаласын қоршауға алу кезінде қаза тапқан түрік ұлы сұлтаны Сүлейменнің бейіті табылғанын жариялады.

EmperorSuleiman

Печск университетінің тарихшысы Норберт Пап (Norbert Pap) қазба жұмыстары кезінде ғалымдар артефакттарға тап болғанын айтты. Пап сұлтанның мазары оның әскері қаланы қоршауға алған кезде шатыры орналасқан жерде деген болжам жасады.

Алайда гипотезаны растау үшін қазба жұмыстарын жүргізу керек. Бұл 2016 жылдың көктемінде ғана мүмкін болады.

Сүлеймен сұлтан 71 жасында қаза тапты. Ол Осман империясының ұлы сұлтаны болып саналады. Ол басқарған кезде (46 жыл) түріктер Балқан, Орталық Шығыс және солтүстік Африкадағы иелігін кеңейтті.

Сұлтанның мазары Венгриядағы бұрынғы түрік қонысында орналасқан. Оны 1680 жылдары бұзып тастаған, кейін 2013 жылы ғана тапты (тарихшы Пап).

Тарихшылардың пікірінше, бейітке Сүлейменнің жүрегі мен өзге де ішкі органдарын салған. Ал денесін Ыстамбұлға жеткізіп, Сүлеймен мешітінің зиратына жерлеген. Сұлтанның өлімін 48 күн бойы жасырған.

 

Талқылау