Рысбек Аташ: Ән бағының жануы Алланың қолында

Жұма, 14 Сәуір , 2017 12:01

Рысбек Аташ «Арай» тобының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы орайда, ол жеке шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті. Барлық әнін Ресейдегі танымал студияларда өңдетіп жатыр екен.

17818387_1463642007032497_5775820557362659328_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдаралмасында айтылды.

– Соңғы жаңалықтарыңызбен бөлісе отырсаңыз. Жеке шығармашылығыңызды қолға алдыңыз ба?

– Иә, расымен де, соңғы кезде «Арай» тобының болашағына қатысты сұрақтар көп қойылып жүр. Біз тараған жоқпыз, тек жұмысымызды тоқтаттық. Болашақта «Арай» тобының бірге болып-болмайтындығы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Медет екеуіміз бірауыздан келісіп, жеке шығармашылығымызды бастап кеттік.

– Жуырда сіздің жаңа бейнебаяныңыз дүниеге келеді екен. Сол туралы айтып өтсеңіз.

– Мұны өзімнің ең үлкен жаңалығым деп айтсам да болады. Алғашқы өзімнің жеке бейнебаяным, жеке әнім. Бұл әнді ешкімге естіртпей сақтап келдім. Оны тек бейнебаянмен бірге көрсеткім келді. Сюжеттік бейнебаян «Ұмыт мені» атты әннің тақырыбына сай болады. Оны Мәлік есімді бауырымыз түсірді. Өзім бұрыннан бері сол кісімен жұмыс жасағым келетін.

– Сізден алдағы уақытта жаңа дуэт, жаңа формат, жаңа стиль күте аламыз ба?

– «Арай» тобының құрамында болғанымда көп адаммен дуэт айттық. Жеке шығармашылығымда ешкіммен дуэт жоспарлап жатқан жоқпын. Әндерімді Алекс Дива есімді бауырым Мәскеу қаласында өңдеп жатыр. Ол Сергей Лазеревтің әндерін өңдейді. Бұдан өзге әндерімді Black Star студиясында өңдетіп жатырмын. Бұйырса, 30 мамыр күні олар мені кездесуге шақырды. Шынымды айтсам, мұның қандай кездесу болатынын білмеймін. Тек маңызды кездесу екенін айтып өтті.

– Қазір жұртты таңқалдыру қиын. Десе де, көрерменнің көңілінен шығудың қандай жолдарын білесіз?

– Әнші өзінің қай әнінің хит болатынын нақты білмейді. «Сабақты ине сәтімен» деген қазақта жақсы сөз бар. Қандай ән болса да, Алла сәтін салса, ол әннің бағы жанады. Осы жолы да сүрініп жүріп қатайдық. Бір Алланың басқа салғанын көреміз. Сөзін Ринат Зайытовқа жаздырып жатырмын. Яғни тек мықты мамандармен жұмыс істеп жатырмын.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әке 4 жылдан бері қызын бір көруге зар болып жүр

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Қазақстандық әже 6-қабаттан түнгі клубтың шуылын еститінін айтып налыды

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар