Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыпакова Бейжің Олимпиадасының “қола” жүлдесін алуы мүмкін

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова өз қанжығасын тағы бір медальмен толықтыруы мүмкін. Оның қарсыласы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері допингпен ұсталған.

57b174b4c1bdf

Фото: sports.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бейжіңде өткен Олимпиада-2008 ойындарында үш қарғып секіруден қола медальға ие болған грек қызы Хризопия Деветци қайта тапсырған допинг-сынамасының нәтижесі бойынша өз жүлдесінен айырылады.

Оқиға туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы (IAAF) хабарлады. Демек, Бейжіңде төртінші орын алған Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова үшінші олимпиадалық жүлдесін алуы мүмкін.

Допингке қарсы жаңартылған IAAF ережелер тізімі бойынша, соңғы сегіз жылда халықаралық аренаға шықпаған 40 жастағы Деветцидің 2007 жылы әлем чемпионатында тапсырған сынама нәтижесінен тыйым салынған стероид стеназолол табылған.

Хризопия Деветци 2009 жылы допинг-бақылаудан өтуден бас тартқан еді. Сол себепті, оған жарыстарға қатысуға екі жылға тыйым салынды және өзі де спорттық мансабын тоқтатты.

Оқи отырыңыз:

Аршавин жылқы еті мен қазыны жақсы көріп жейтінін, бірақ бешбармақты ұнатпайтынын айтты

Евгений Тищенко қазақтарға деген өкпесін айтты

Сәбина Алтынбекова жаттығудағы сәтінен үзінді жариялады (видео)

Талқылау