Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэпер DMX Нью-Йоркте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

DMX лақап атымен танымал америкалық рэпер Эрл Симмонс ауыр халде Нью-Йорктегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Полицейлер оны автотұрақта тыныс алмай жатқан жерінен тапқан.

1269705976_dmx_wallpapers_12Сурет media.4local.ru сайтынан алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Дәрігер әнші есірткі қолданған болуы мүмкін деп күдіктенген. Алайда, әншінің туыстары мұнымен келіспейді. Кейінірек есін жиған рэпер есірткі қабылдамағанын айтқан. Ол бұлайша ауырып қалуына тыныс жолдарының мазалап жүргені себеп болуы мүмкін деп ойлайды. Дәрігерлер қазір оның жағдайы қалыпты деп бағалауда.

Ол 2009 жылы есірткі сақтап, пайдаланғаны үшін сот алдында жауап беріп, жазаға кесілген еді. 2011 жылы сол қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруы себепті қайта түрмеге жабылған.

DMX (Dark Man X) — америкалық рэпер және актер. Оның осы күнге дейін жарық көрген бес альбомы да хит-парадтардың алдыңғы шебінде келеді. Ол сондай-ақ, «Ромео өлуі тиіс», «Тіршілік», «Ешқашан жалғыз өлме» секілді фильмдерге де түскен.

Талқылау