Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Жапаров Риоға ту ұстаушы ретінде өзінің неліктен таңдалғанын айтып берді

20 жастағы таэквондист Руслан Жапаров биыл өтетін Рио олимпиадасында ел намысын қорғайды. Таразда туған осы спортшы барша ел атынан сынға түсіп ғана қоймай, мемлекеттік туды да ұстап бармақшы.

ымыммымы

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада олимпиадашылармен өткізген кездесуде спортшыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік туды Руслан Жапаровқа сеніп тапсырған болатын.

“Туды ұстайтынымды естіп жауапкершілік жүгін сезіндім және бұл менің жеңіске деген құлшынысымды арттырды. Туды ұстайтынымды маған алдын-ала хабарлады, бірақ мен сенбедім. Сосын маған хабарласып ту ұстаушы киетін костюмды тіктіруге байланысты өлшеу керектігін айтты”, – дейді Руслан.

Ол сол кезде барып бұл жағдайдың рас екеніне көзі жетіп қуанған. Бұл ретте спортшы мұндай мәртебеге неліктен өзінің ілінгенін де айтты.

“Көптеген спортшылар Олимпиаданың ашылуы болғаннан кейін аз күннен соң жарысқа кірісіп кетеді. Ал мен соңына қарай шығамын. Егер олар ту ұстаса, онда қалыпқа келіп үлгере алмайды. Ашылу салтанатында мен 7-8 сағат тұрамын, бірақ мен әскери болғандықтан ондай талапқа үйреніп кеткенмін. Бұған дейін әскери ойындардың ашылуында да ту ұстағанмын. Туды көтеру – жәй іс емес, бұл үлкен құрмет”, – дейді жас спортшы.

6e7378b96a7ce1e81c2ab301ac5edeae

Оның мұндай құрметке ілінгеніне барша достары мен туыстары қуанған. Ту ұстайтынын әуелі әкесіне хабарлап айтыпты. Ал президентпен кездесуден соң ол бірден жаттығуға Испанияға ұшып кеткен.

“Қазір жаттығу күшейтілген режимде өтіп жатыр. Таиландта күніне екі реттен жаттығамыз. Бұл жерде күн ыстық. Бұл әрине Бразилия климатына бейімделу үшін үлкен көмек”, – дейді Руслан.

Спортшы әлі бабына толық келіп үлгермеген. Әйтсе де ол жарысқа шығамын дегенше әлі біраз уақыт бар. Руслан 4 тамыз күні ұшып кетеді. Ал ашылу салтанатынан кейін де екі апта дайындалады. Таи елінен соң Алматыға келіп, сосын Риоға жол тартпақ. “Ел спорты тарихына тек ту ұстаушы ретінде емес, жеңімпаз ретінде де кірсем деген арманым бар” дейді. Алғаш рет спортқа жеті жасында әкесі алып келіпті. Бірінші сыныптан бастап таэквондо спортына қызығып жаттығады. Бір күні әкесі “Ұлым егер мен сені олимпиада көрсем, онда менің арманым орындалады” деп айтқан екен. Енді жас ұлан әке арманын орындау үшін тынбай тер төгуде.

Олимпиада ойындарына Руслан Жамбыл облысының өкілі ретінде аттанады. Ол қазір Алматыдағы спорт және туризм академиясының 4 курсына оқып жатыр.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті де Русланның таңдалу себебіне түсініктеме берген еді.

Талқылау