Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Күлекбаевтың мұғалімі: ол жақсы оқыды және спортпен айналысты

Алматыда қанды қырғын жасап, қаншама адамның өліміне себепкер болған Руслан Күлекбаев туралы оның мұғалімі де мінездеме берді.

0_264a66_95e12ba0_orig

 

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Алты адамды жер жастандырған өз оқушысы екеніне ол әлі сене алар емес.

“Русланның мұндай жағдайға қалай тап болғаны бізді әлі де алаңдатады. Мұны естіген кезде шошып кеттік. Өзін мектепте жақсы қырынан көрсетіп, спортпен айналысқан жігіттің неліктен мұндай қадамға барғаны таңқалдырады. Бұл біздің мектеп ұжымы үшін өте ауыр”, – дейді мұғалімі Гүлнұр Қожағұлова.

Заңды белден басуды Күлекбаев мектептен соң бастайды. Ол екі бап бойынша істі болған. Оның біреуі – ұрлық. 2010 жылы бұл істі тергеугші Нұриддин Дауылбаев қараған. Шымкентте Күлекбаев әшекей дүкенін тонаған. Ол кезде сот оның жасын ескере отырып, тек шартты жазамен шектеліпті.

“Ол зардап шегушіні ұрып-соғып, сөмкесін тартып алыпты. Онда 115 мың теңге мен ұялы телефон болған. Алайда оны ұлттық гвардия әскерилері ұстап алып, бөлімшеге жеткізді. Ол сосын 2012 жылы да оқты қару сақтағаны үшін Қызылордада ұсталады”, – дейді тергеуші Дауылбаев.

Аталған тергеуге сүйенсек, ол дәстүрлі емес дін ағымына сол түрмеде отырып кез болған.

“Облыстық сот шешімімен ол 11 айға бас бостандығынан айырылған. Ол өткен жылы босатылды. Біздің дерек бойынша, жазасын өтеп шыққан соң Алматы облысында тұрған. Ал отбасы әйелі мен екі баласы Байқоңырда тұрады”, – дейді Қызылорда облыстық ІІД маманы Салтанат Мұратова.

Тергеу кезінде де ол өзге айыпталушылармен сөйлеспей, өзін жұмбақ ұстаған. Қандай да бір діни сенімдегі әрекеті байқалмапты. Сотталған соң Атырау қаласындағы жалпы режимдегі колонияға жіберілдіген.

Құрықталғанның әрекетін психолог мамандар талдауға тырысты. «Көпбалалы отбасынан шыққан, өзі де екі баланың әкесі бола тұра бұндай қадамға баруы үлкен психологиялық ауытқушылықтың белгісі», – дейді маман.

“Оның дәл осы суреттегі бет-бейнесін талдасақ, лидерлік қасиеті жоқ, айтқанды істейтін адам деген сипат берер едім. Түрінен қобалжу, қиналу не жасаған ісіне қайғыру да байқалмайды. Есірткі қолданатын адамға ұқсамайды. Бірақ кекшіл, ашушаң адам сияқты. Ондайлар психикалық ауытқуға бейім келеді”, – деді психолог Зарина Штеер.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, Руслан Күлекбаев соңғы кезде Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында тұрған. Ұялы телефон сатумен айналысқан. 2010 жылы 27 тамызда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотымен Қылмыстық Кодекстің 178-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған. 2012 жылы 8 мамырда Қызылорда облыстық сотымен ҚК-нің 251-бабы бойынша 2 жылға және 11 айға бас бостандығынан айырылған. Қазір істі ҰҚК өз бақылауына алды. Ал Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Руслан Күлекбаевқа қатысты Қылмыстық Кодексінің 8-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін атыс жасаған Руслан Күлекбаев бұл қадамға не үшін барғаны туралы тергеуге алғашқы жауаптарын айтқан болатын.

Дүйсенбі, 18 шілде күні, Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау