Руслан Күлекбаев өзімен бірге 1985 жылғы револьвер сақтап келген

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 11:54

Алматыдағы атысты жасаған Руслан Күлекбаев 1985 жылы шыққан револьверді өзінде сақтаған.

ммм

Фото: shooting-ua.com

Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

“Айыпталушы Руслан Күлекбаев 2012 жылы 14 ақпанда Тараз теміржол вокзалының жанындағы саябақта полиэтиленді қалташада оқты қару жетіатар револьверін алып жүрген”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен ол үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылыпты. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеген.

Дүйсенбі, 18 шілде күні, Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар