Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Румындықтар қайтыс болғандардың басына әзіл өлең жазып, сурет салдырады (фото)

Қайтыс болған адамдар жайлы қалжыңдап, оның жаман әдеттерін айту құрметсіздік деп танылған. Алайда, румындықтар олай ойламайтын секілді. Румынияның Сапанта қаласының тұрғындары өлімге қалжың көзқараспен қарайтын көрінеді.

мч

и

Олар қайтыс болғандарға арнап күлкілі өлеңдер жазады екен. Өлең шумақтарында оның құпиялары да айтыла береді. Өйткені, адам көз жұмған соң оған тиер зияны жоқ деп санайды.

мм

Бұл ғұрыпты зиратқа еменнен крест жасап жүрген жергілікті тұрғын Стэн Иоанн Патраш бастаған.

мммм

 

Қайтыс болған адамды көмгеннен кейін жергілікті тұрғындар жиналып, ішімдік ішіп, ол жайлы оқиғаларды ортаға салады.

см

Патраш бастапқыда бұл оқиғаны қысқа өлеңдер етіп жазатын, кейіннен оны емен тақталарына жазатын болған.

смм

Ол ең алғаш рет 1935 жылы осындай өлең жазған екен. Өзі 1977 жылы қайтыс болғанға дейін осы іспен айналысқан. Ол табытқа 800-ден астам өлең жазған екен.

сс

Патраштың көз жұмған соң бұл іспен оның ұлы Думитру Попу қолға алған. Ол үйінің жанынан шеберхана да ашып алған.

ссм

Ол емен тақталарын әр түрлі орнаменттермен безендіріп, түрлі түске бояйтын болған. Шебер өлген адамға қатысты сурет салып, сосын ол туралы қысшқаша өлең жазады.

ссс

Сурет пен өлең автордың өз қалауымен жазылады. Өлең жолдары әдетте әзіл-қалжыңға сүйеніп, тіпті қайтыс болған адамның ішімдікке құмар болғандығы жайлы да айтыла береді.

сссс

Талқылау