Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Рухани және тарихи орталықтарын өзара байланыстыруды ұсынамын": Тоқаев өзбек еліне алғысын білдірді

Бүгін Ташкентте Қазақстан жылының ресми ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашық деп жариялады, деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеп, Stan.kz. 

"Рухани және тарихи орталықтарын өзара байланыстыруды ұсынамын": Тоқаев өзбек еліне алғысын білдірді

Ашылу салтанаты басталар алдында мемлекет басшылары "Ұлы Дала мұрасы" көрмесін тамашалады. Көрмеде Қазақстанның ежелгі өнерінің жауһарлары, соның ішінде Есік Алтын адамы, Берел қорғандарынан ат пен ат жабдықтарын қайта жаңарту, "Тақсай ханшайымы", "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының бірегей экспонаттары қойылған.

Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке және өзбек халқына жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін алғысын білдірді.

"Президент Шавкат Миромонович Мирзиеевтің "ұлы қазақ ақыны және ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен зерделеу және насихаттау туралы" қаулысымен қарастырылған ауқымды шаралар үшін ризашылығымды білдіргім келеді", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Қазақстандағы өзбек диаспорасын қолдау бойынша қабылданып жатқан шараларға жеке тоқталды.

"Біздің елде тұратын өзбектер өздерінің рухани, әлеуметтік сұраныстарын толық көлемде қанағаттандыра алатындай болуы үшін барлық жағдай жасаймыз. Қазақстанда барлық өңірлерде ашылған ондаған өзбек этномәдени орталықтары жұмыс істейді. Өзбек тілі Қазақстанда медия саласында, білім беру жүйесінде, мәдени өмірде қолданылады. Екі өзбек театры өз көрермендерін тапқан және сәтті өнер көрсетуде", – деді мемлекет басшысы.

"Рухани және тарихи орталықтарын өзара байланыстыруды ұсынамын": Тоқаев өзбек еліне алғысын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы жылы екіжақты қарым-қатынастар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы өзара түсіністік пен сенім ахуалын қалыптастыру үшін де ерекше маңызы бар айтулы оқиға болғанын атап өтті.

"Қазақстан мен Өзбекстанның тығыз өзара іс-қимылы мен келісілген іс-қимылдарына көбінесе Орталық Азияның табысты экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне байланысты. Бүкіл әлемдік мәдениеттің игілігі болып табылатын біздің елдеріміздің басты рухани және тарихи орталықтарын өзара байланыстыруды ұсынамын. Жедел түрде Түркістан, Самарқанд, Бұқараны бір бағытта қосатын туристік кластер ашылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті ата-бабалардың қазақ және өзбек халықтарының достығы мен бірлігін сақтау қазіргі ұрпақтың ортақ борышы болып табылатынын және Қазақстан жылын Өзбекстанда ашық деп жариялағанын атап өтті.

Салтанатты рәсім Қазақстанның танымал өнер қайраткерлері Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Димаш Құдайберген, Мария Мудряк қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.

Өзбек көрермендеріне М. Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсынан үзінділер, "Astana Ballet" театрының, "Салтанат" мемлекеттік би ансамблінің, мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының орындауындағы хореографиялық композициялар ұсынылды. Сонымен қатар, К. Кужамьярова мен мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры да өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін екі ел басшылары кездесіп, Тоқаевті Мирзаев салтанатты түрде қарсы алған еді. Салтанатты шараның видеосы Мирзиеевтің Facebook желісіндегі парақшасында жариялағанын айтқан едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр