Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда жүргізуші 9 жасар қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Рудныйда жүргізуші Паровая көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Апат салдарынан мектеп оқушысы жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде көз жұмды.

Рудныйда жүргізуші 9 жасар қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Суретті қыздың анасы ұсынған

Жол-көлік апаты 14 тамызда түстен кейін аттракционның маңында болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі alau.kz-ке сілтеп.

Қайтыс болған қыздың есімі Настя Ширягина. Оның анасы Елена Гутовская болған оқиғаға әлі де сене алар емес. Анасы күні-түні қызын есіне алып жылайды. Жарқыран күндерінен айырылған отбасы қайғыдан қан жұтуда. Қыздың анасының айтуынша, Настя ағалары мен әпкелерін қатты жақсы көрген. Ол Рудныйға туған күнге келген.

«Қызым өте мейірімді тамаша қыз болды. Ол ештеңеге қарамастан әрдайым қуанып, күліп жүреді. Настя жаман нәрсені бірден ұмытып қалатын, оны ренжітсе де өкпелеуді білмейтін. Өзін ренжіткендерді кешіріп, үнемі күлімсіреп жүретін», – дейді қайтыс болған қыздың анасы Елена Гутовская.

Қазір полицейлер ақ түсті «Киа Рио» көлігімен мектеп оқушысын қағып өлтірген 39 жастағы жүргізушіні іздестіріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау