Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда полицей мүгедек әйелді өрттен құтқарып қалды

Рудныйда учаскелік инспектор Айдос Құлымбетов қала тұрғыны Татьяна Боярскаяны пәтердегі өрттен арашалап қалды. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20161116085243

Оқиға 13 қараша күні кешке болған. Көпқабатты үйде шыққан өрт туралы хабар түскеннен кейін, үйге аға лейтенант Айдос Құлымбетов дереу жеткен.

“Түтін шығып жатқан пәтердің есігі жабық болды. Біздің қызметкер шұғыл жағдайда бірден шешім қабылдап, есікті бұзып кірді. ол зардап шегушіні ванна бөлмесінен тапқан. Ес-түссіз жатқан әйелді Құлымбетов алып шығады. Сосын ол асханаға кіріп, газды ажыратқан. Өрт плита үстінде тұрған тамақ салынған ыдыстан шыққан”, – дейді баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

Кейінірек пәтердің иесі, екінші топтағы мүгедек Татьяна Боярская екені белгілі болды. Ол тамақ дайындап жатып, ваннаға кетіп қалып, ол жерде абайсызда құлап қалады. Ол айқайлап көмек шақырмақшы болғанымен, дауысын ешкім естімеген.

Екі сағат ішінде ыстық плитада тұрған тамақ қайнап, өрттің шығуына себеп болған. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Айдос Құлымбетов полиция қатарында бір жарым жылдан бері ғана істейді екен. Өз кезегінде әйел полицейге үлкен ризашылық білдіріп, басшылықтан оны арнайы марапаттауды сұраған.

Оқи отырыңыз:

 

Талқылау