Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда полицей көп қабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарды

Рудный қаласында жергілікті полицей Ермек Бұрамбев көп қабатты үйдің тұрғындарын тілсіз жаудан құтқарып қалды.

полицияяяяя

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 сәуірде Бұрамбаев таңғы төртте жұмыстан келе жатқан. Үйдің кіреберісінде түтіннің иісін сезген ол бірден өрт сөндірушілерді шақырған, өзі өрт тұтанған пәтерді іздеп тауып, иелерін далаға шығарып, кірберіс тұрғындарын оятты. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялап, өртті ауыздықтады.

Қостанай облысы Ішкі істер департаментіне тұрғындар алғыс хат жолдады. Олар полицейдің азаматтық әрекетін ескерусіз қалдырмауды сұраған.

«Егер Ермек болмағанда, оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз болар еді», – делінген хатта.
Полицей Бұрамбаев 2014 жылы қарашада Александр Васильевпен бірге өзенге батып бара жатқан ер адамды да құтқарған екен.

«Ермек ол кезде мұзды суға секіріп, жағалауға 65 жастағы зейнеткер Николай Явкинді алып шығып, алғашы медициналық көмек көрсеткен», – делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

v

Талқылау