Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда Қытайдың кеспесін қолдан жасайтын жасырын цех табылды

Студенттердің тағамы атанған жылдам әзірленетін кеспелер Қытайда емес, елімізде шығарылып жатыр. Рудный тұрғыны осы танымал маркілі кеспелерді жасауды меңгеріп, жасырын цехта заңсыз кәсібін дөңгелеткен. Контрафактілік тауарын көптен бері дүкендерге өткізген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

1_2012691546222

Сурет flashsiberia.com

Жылдам әзірленетін кеспе шығарған пысықайлар мына цехты кішігірім фабрикаға айналдырып, қытайлық тауардың атауындағы бір әрпін ғана өзгерте салған. Дайын өнімді қытай кеспесінен ажырату да қиын. Сондықтан көлеңкелі бизнес иесі заңсыз тауарларын еліміздің барлық қалаларына дейін таратып үлгерген екен.

Ал қызу жұмыс үстінен түскен тергеушілер мұнда түрлі кеспелердің таңбасы басылған қағаздар мен 200 мыңнан аса кораптағы дайын өнімдерді тәркіледі. Қулығы әшкере болған жасырын цех иесі қамауға алынды.

Талқылау