Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудный әкімінің орынбасары пара алу үстінде ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Қостанай облысындағы департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.Доспуловты пара алып жатқан жерінен ұстады. Шенеунік 15 миллион теңгені қалтаға баспақ болған.

20170513133300

Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.А.Доспуловтың 15 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. Ол “Өркен” ЖШС мердігерлік компаниясының директоры У.К.Мұсралиевтан “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында құбыр жүргізу жұмыстарына қатысты мәселелерге болысу үшін ақша алған”, – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, 12 мамыр күні М.Доспулов пен У.Мұсралиев Рудный қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда 32 жастағы ана мен оның сәбиін өлтіріп алған акушерлер соты болды

Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан

Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды өзі қолдан жасады

Сапарбаев үйі қирағандарға 100 мың теңгеден берілетінін жоққа шығарды

 

Талқылау