Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева Ресейде жаңа жүлдеге ие болды

Роза Рымбаева Ресей астанасында “Ұлттық ұлылық” жүлдесінің лауреаты атанды. Кезекті жетістігі туралы Халық артисі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Роза Рымбаева Ресейде жаңа жүлдеге ие болды

Роза Қуанышқызы жүлдегерлерді марапаттау рәсімінің 30 қараша күні өткенін атап өтті. Салтанатты іс-шара мемлекеттік Кремль сарайында болған.

Рымбаеваға берілген дипломда “Абырой мен ар” жүлдесінің лауреаты деп атап көрсетілген. Сондай-ақ, аталған жүлденің мәдениеттің дамуына қосқан теңдессіз үлесі мен өз ісіне адалдығы үшін берілгені атап өтілген.

Роза Рымбаева Ресейде жаңа жүлдеге ие болды

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау