Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева өнер академиясының профессоры атанды (видео)

Роза Рымбаева енді – профессор! Халық артисіне мұндай атақты Қазақ Ұлттық өнер университеті берді. Қуанышты хабарды әншінің тұңғышы Әли Оқапов бірінші болып жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Роза Рымбаева

“Он жылға жуық уақыт бұрын мен осы университетте оқыдым. Ал бүгін менің анам ҚазҰӨУ профессоры атанды. Айман Қожабекқызы Мұсақожаева мен бүгінгі шеберлік сағатына қатысқан барша жандарға алғысымды білдіремін”, – деп жазды Оқапов желідегі парақшасында.

Тыңдармандар Роза Қуанышқызын жаңа атағымен жарыса құттықтап, оның профессор болуға әбден лайық екенін жазуда.

Айта кетейік, Айман Мұсақожаева аталған білім ордасының ректоры болып табылады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау