Роза Рымбаева: Фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін 

Роза Рымбаева өзінің ешқашан фонограммамен ән айтпағанын айтты. Өзіндегі сол қасиетті мақтан тұтатынын жеткізді.

Бұл туралы әнші ресейлік “Собеседник” басылымына берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әншінің айтуынша, ол бүгінде кеңестік кезеңнен де жиі іс-сапарларға шығады. Алайда ешқашан фонограммамен ән айтқан емес. Тіпті, ауырып тұрған күнде жанды дауыспен ән айтады.

“Егер сахнада тұрып, тек аузымды жыбырлатқан болсам, қара жерге кірейін. Бірақ, бізде ондай әртістер көп. Тіпті бұл істе үлкен шеберлер бар. Мен олардың қатарына жатпаймын. Бірде аллергия қозып, мұрным бітеліп қалды. Дәрігер менің тамағымды тексеріп, зауыттардың қоқысынан менде аллергия пайда болғанын айтты. Жанды дауыспен ән айтпауымды сұрады. Бірақ мен бас тарттым. Аузымды жыбырлатып  қалай сахнада тұрам?”, – дейді Рымбаева.

Бұған дейін әнші сұлулығының сырын ашып, пластикалы отаға сүйенетінін айтқан еді. Келін алғысы келіп жүргенін, алайда балаларының жар таңдауына араласпайтынын айтқан болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар