Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева Беларусь президентінің қолынан арнайы сыйлық алды (фото, видео)

Қазақ эстрадасының аңызы Роза Рымбаева Беларусь президенті Александр Лукашенконың қолынан арнайы сыйлық алды. Лукашенко сыйлықты Витебскідегі «Славян базары – 2018» байқауының ашылу салтанатында табыстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Роза Рымбаева

Беларусь президентінің қолынан «Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» сыйлығын алған Роза Қуанышқызы Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Роза Рымбаева Беларусь президентінің қолынан арнайы сыйлық алды (фото, видео)

«Жоғары баға беріп, жылы қабылдағаны үшін Лукашенко мырзаға көп алғыс білдіремін», – деп жазды Халық әртісі.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қуанышы мен жетістігіне қуанып, оның кез-келген сыйлыққа лайық екенін айтып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау