Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әлия да, Роза да жалғыз": Санкт-Петербургтегі қазақтың батыр қызына арнап ескерткіш ашылды

Жеңіс күніне орай Санкт-Петербург қаласында даңқты батыр Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Батыр қызымыздың ескерткішінің ашылу салтанатына белгілі әнші Роза Рымбаева қатысып, гүл шоқтарын қойды. Бұл жайлы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Санкт-Петербург қаласында. Жеңіс күні қарсаңында, Әлия Молдағұлованың ескерткішінің ашылу салтанатында...", - деп жазды ол.

Роза Рымбаеваның желідегі бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті. Батыр қызын есіне алғандар әншіге ыстық ықыласы мен ақ тілегін жаудырды.

"Әлия" әні жалғыз, осы әнді орындайтын Роза жалғыз жұлдыз... Жұлдыз көп, бірақ дәл өзіңіздей осы әнді ешкім айта алмайды", "Ескерткіш ашылғанына қуаныштымыз! Роза апайдың сол салтанатқа шақырылғаны өте үлкен құрмет. Сіз біздің мақтанышымызсыз!", "Роза Қуанышқызы Қазақстанды əлемге танытқан аңызға айналған жан", - деп жазды желідегі жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр