Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

Әсем әндерімен халықтың жүрегін ғана тербеп қоймай, жұбайына арнап Айдыным деп ән салған әнші сүйіктісіне тоқал алуға рұқсат берді.

Копия 11731724_927108727362174_6289471089346403488_o (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің жұбайы журналист Айдын Қаба тоқал алғысы келіп жүргенін бірнеше жылдан бері айтып келген. Бірақ ол уақытта Әлқожа рұқсат бермеген-ді.

Бұл туралы әнші “Ел аузында” бағдарламасында “Егер оны қаламаса рұқсат сұрамайтын еді. Ер азамат рұқсат сұраса, оған рұқсат бермеуге болмайды. Рұқсатын бергенбіз. Ал одан кейін өзі ойланып қалған сияқты” деп бұған расымен де өзі келісім бергенін айтты.

Ары қарай “Ол үшін де адамның дәулетті болуы керек. Екі жақты да теңдей, бірдей ұстауы керек деген секілді қиындықтары бар” деп әзірге жұбайының екі отбасын бірдей қаражатпен қамтамасыз ете алмайтынын тілге тиек етті.

aliamkoza4

Мұны естіген әншінің әріптестері қатты таңқалды. Ақбота Керімбекова “Ондайды естіген емеспін. Өнерде жүр. Қыздар өз арамызда ондай әңгіме болған емес” деп мұны алып-қашпа сөзге болады.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Роза Әлқожаның уәдесінде тұрмайтын жандарға ызаланып, бір жылап алғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау