Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа шиеттей балаларын тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болған күнін еске алды

Танымал әнші Роза Әлқожа осыдан 15 жыл бұрынғы ауыр күндерін еске алды. Әншінің айтуынша, журналистік қызмет атқарып жүрген кезінде кішкентай балаларын тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болған. Мені де үйде отырғызбаған үйсіздік, жағдайсыздық еді, дейді ол, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роза Әлқожа шиеттей балаларын тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болған күнін еске алды

“2004 жыл. Уақытша баспанада тұратын кезім. Екі баламыз бар. Көмір жағып, күл шығарамыз. Ешқандай жағдай жоқ. Трассаға дейін 1 шақырым жол жүреміз. Батпақ, балшық. Өзім “Ақ жол Қазақстанның” журналисімін. Не үшін жаңа босанған екі айлық қызымды үйге тастап, қайта жұмысқа шықтым? Неге мен бір жарым жасар ұлыма тамақ жасап беріп, екі айлық бөпемді еміреніп, емізіп отырмадым?

Кеше үйі өртеніп, бес сәбиінен айырылған Жанымкүлді ойлағанда жүрегім, үш күн белім ауырды!.. Өйткені бір кездері мені де үйде отырғызбаған үйсіздік, жағдайсыздық еді…

Егер сенің дайын үйің болса, күйеуіңнің айлығы бәріне жетіп тұрса, аязға, ыстыққа шығып жұмысқа барып не керек?!.

Жаңа босанған адамда онсыз да күйзеліс болады. Онсыз да денсаулығың сыр беріп тұрады. Оны одан бетер құрту өзіңе дұшпандық әрине”, – деп жазды әнші Instagram желісінде.

“Баласын тастап жұмысқа кеткені үшін ананы кіналағаны ұнамады! “Ана баланы таңдамайды, бала ананы таңдайды” дегенмен келісемін. Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы-тағдыр бізді көп балалы еткен! Бәрі әншілерді сөз қылуда. Өзіме жауап берейін! Аспан мен жердің ортасында ұшып жүрген адамның өз стресі болады. Бірақ әншілер де кешеге дейін пәтерде, күйсіз жүргені хақ. Бізге жауап беретін ел тізгінін ұстаған азаматтар, халық қалаулылары болуға тиісті! Өйткені әншінің басқа пендеден айырмасы жоқ!

Мысалы Астанада пәтерде тұрамыз. Үлкеніміз студент. Қалғаны мектепте. Бес баламыз бар. Папамыз жұмыс істейді. Бірақ ол жеті адамға әлі де жетпейді. Шүкір дейтін халдеміз. Тойға барып қарқ болғандай көрінетін шығар, несібе – тәңірден. Бізде де туыс, дос-жаран бар.

Концерттен пайда шамалы. Екі сағат берген концертіңе адам бірде толады, бірде толмайды. Толса да жолың бар, тамағың, жатын орның бар, ерткен адамың бар, ұйымдастырушыдан да артпай жатады.Көбіне әуежайдан билет ала беріп, тапқанымыздың тең жартысын сол жаққа құйып жатамыз.Әр көйлек пен өңдетудің ақшасын айтсақ, естіп – “байлар да жылайды.”

Өйтпей ме, бүйтпей ме деп әншілерді адамдардан бөліп тастағандарға арнайы жазып отырмыз. Байлар көп. Оларды біз білмейміз де! Ал ана мен бала – мемлекетке қажет болуы тиіс! Отбасы екі-ақ адамның проблемасы емес!” – дейді әнші.

 

Талқылау