Роза Әлқожа: Өзі тұлға болмаған ата-анадан жақсы бала шықпайды
5 баланың анасы Роза Әлқожа тұңғышының 9-сынып бітіргенін айтып қуанды.
Әнші “Қазақстан” арнасының “Таңшолпан” бағдарламасында бала тәрбиесі туралы сөз қозғады.
“Негізі адамға көңіл-күй сыйлайтын – балалар. Олар қаншалықты шаршатса, соншалықты көңіл-күй сыйлайды. Сосын солардың мақтанышы, арқа сүйейтін тірегі болуға тырысасың! Балалар біздің өнерлі, қазірдің өзінде біздің жұмыстарымызды көріп, үлгі тұтып келе жатыр. Алдағы уақытта бізден де мықты өнер адамы болса екен деп армандаймыз. Негізі өзі тұлға болмаған ата-анадан керемет бала шықпайды деп ойлаймын. Өйткені сен балаңа тірек болып, оны бағыттау үшін, ең алдымен, өзіңнің білімің, еңбегің болу керек. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” демекші, бала сенің еңбектенгеніңе қарап, ол да ертең соны қайталайды деп ойлаймын”, – дейді Роза Әлқожа.
Жіберіп алмаңыз:
Тест: Сіз расымен де Димаштың тыңдарманысыз ба?
Димаштың елдегі фанаттары әншінің атынан ауыр дертке шалдыққан бүлдіршінге көмектесті
Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды
Өзін “тәлпіш” әрі “мақтаншаққа” теңеген Ерке тыңдармандарын күлкіге қарық қылды (видео)