Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа бұрын-соңды болмаған “Ақ орамал аруы” атты байқау ұйымдастырды

Роза Әлқожа елімізде бұрын-соңды болмаған “Ақ орамал аруы” атты байқау ұйымдастырды. Ол аталған байқаудың діни ағымдарға еш қатысы жоқ екенін айтып, діни арандатушылықпен шатастырмауды сұрады.

image

Фото: instagram.com/roza_alkozha01/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Естеріңізде болса Stan.kz порталы осы уақытқа дейін жеке кәсібін ашқан қазақстандық жұлдыздар туралы ақпаратты ұсынған болатын. Аталған бизнесвумендердің қатарында Роза Әлқожа да бар. Ол өзінің туған күнінде “Мен сыйға тартқан орамал” атты дүкен ашқан болатын. Бұл дүкенді ашудағы мақсатын әнші “Біріншіден, өз өрнегіміз бар орамал түрлерін көбейту. Екіншіден, халыққа қолжетімді бағада мұсылманша-қазақша киім түрін жаңа үлгіде жасап шығару”, – деп түсіндірген-ді. Бүгінде қазақы ою-өрнектермен безендірілген орамалдар барша Қазақстанда танымал.

“Ақ орамал аруы” атты байқаудың шарттарына келсек, оған 40 жасқа дейінгі қыз-келіншектер қатыса алады. Бастысы, орамал арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлгілі қазақ әйелінің образын көрсетуге ынталы болса болғаны. Алғашқы кезеңде қатысушылар сахнада өздерін таныстырады. Артынша өз өнерін көрсетіп, орамалды қалай дәріптейтіндіктерін байқатады. Ал соңғы, төртінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап береді. Жеңімпазға бағалы сыйлықтар ұсынылады.

“Расымен де, бұл бұрын соңды болмаған тың байқау. Қазақы болмысты, қазақылықты сағынып жүргеніміз рас. “Ақ орамал аруы” байқауын діни ағымдар, не болмаса діни көзқарастармен шатыстырмауларыңызды сұраймыз. Қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, құндылықтарын жаңаратын жаңа жоба бұл. Орамал әйел затының бағы, ары, абырой дейтін байрағы. Байқауға 50-ден астам қыз келіншек өтініш білдірген болатын.

Іріктеп жатырмыз. Бұндай жобаны жүзеге асыру да әрине оңай дүние емес. Сыни көзқарастар мен түрлі пікір болатыны да айдан анық. Аллаға Тәуекел еттік. Осындай жобаны қолға алған Роза Әлқожа әпкемізге Алла разы болсын! Кешегі Тұмар ханша, Қарашаш сұлу, Зере, Әлия, Мәншүк, Сәбира, Фариза аналарымыздың жалғасы екенімізді естен шығармайық қыздар!” – дейді Клуб төрайымы Әсел Айымбет.

Дәл қазір іріктеу жұмыстары толықтай аяқталды. Байқауға кімдердің қатысатындығы анықталды. 1 қазан күні бас жүлденің кімге бұйыратыны белгілі болады.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа әкесінің мерейтойына темір тұлпар сыйлады (фото)

Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті

Роза Әлқожа: Уәдесінде тұрмайтындарға ызаланып жылап алдым

Талқылау