Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа кәсібін тұралатып, идеясын ұрлағандарды қалай іздеп тапқан

Қазақтың ерке қыздарының бірі, танымал әнші Роза Әлқожаны кім қолдамай жүр? Әншінің кәсібін тұралатып, идеясын ұрлағандарды Роза қалай іздеп тапқан?

Kopiya-11731724_927108727362174_6289471089346403488_o-1

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осыдан тура бір жыл бұрын әнші Роза Әлқожа өнердегі әріптестерін жинап жеке кәбісінің тұсауын кескен болатын. «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен танылып, елдің сүйікті әншісіне айналған Роза орамал сататын бутигінің атауын да дәл сол әнмен байланыстырған болатын. Дүкенде қыз-келіншектерге арналған орамалдар, аналарға арналған ақ жаулықтар, қазақы ою-өрнек бедерленген бас киімдер сатылады.

– Танымал әнші Роза Әлқожа орамал сататын дүкен ашқалы бері ұрлықтан көз ашпай келеді. Біресе, кассасынан қомақты қаржысын үптеп кетсе, ал көрші  Қырғыз ағайындары тіпті идеясын ұрлап, орамалдарын базарларда  сатып жатқан көрінеді.

“Қазақша оюы бар, бірақ біздікінен әлде қайда арзан. Сосын басында оған таң қалып жүрдік. Бір күні оны менің орамалдарым деп сата бастады.  Олар тіпті басына бастады деуге болады”, – дейді әнші Роза Әлқожа.

Бұл жағдай әншінің тек ашу-ызасын ғана емес, саудасын да біраз шығынға батырады.

“Біз сіздердікін алғанша мың жарым теңгеге көп орамалды базардан алғанымыз тиімді  дей бастады келушілер.  Бір дүкен қалды, жұмысшыларымызды қысқарттық, – дейді әнші.

Өз қолынан шыққан орамалдарының көшірмесін жайма базарлардан көрген әнші ары-бері аңысын аңдап, оның Бішкектен шығарылып жатқанын анықтайды. Біле салысымен дереу сол елге аттанады.

“Идеяның бізден ұрланып жатқанын білдім. Бішкекке арнайы барып, аяғымнан тозып, базар аралап,таптық”, – дейді әнші Роза Әлқожа.

Роза өзінен еш рұқсат сұрамай орамалдарының көшірмесін жасап, арзан маталарға ою өрнек басып жүрген жігітті іздеп табады.

“Дәурен деген жігіт. Біз сіздің орамалдарыңызды басып шығарып жатырмыз. Маған Қазақстаннан ұсыныс түсті осы желтоқсан айынан бастап сіздің орамалдарыңызға ұқсатып жасап жатырмыз деді”, – дейді Роза Әлқожа.

Дегенмен әнші бұған жасымады, керісінше, бәсекеге төтеп беру үшін орамалдарының түрін 80-ге арттырған. Ең қымбат орамал ешқандай техниканың көмегінсіз, бояумен өрнектеліп, қолмен жасалған.

“Ту түстес орамалдарды шығардық. Қолдан салынған суреті бар орамалдарды жасап шығардық”, – дейді әнші Әлқожа.

Әнші халықтың отандық өнімге деген сұранысының әлі де болса артпағанына қынжылады. Дегенмен, әнші идеясын ұрлап, пайда тауып жүргендерді білсе де, ешқандай жаза қолданбапты.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері қайын әпкесін сотқа берген Роза Әлқожаны қолдамады

Роза Әлқожа әкесінің мерейтойына темір тұлпар сыйлады (фото)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

 

Талқылау