Ротшильд Ресей мен Қазақстанның ақшалай қарыздарын өтеуде қиыншылықтарға тап келетінін айтты

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 11:30

RIT Capital Partners қорының басшылары кеңесінің төрағасы Джейкоб Ротшильд 2015 жылдың 31 желтоқсанынында жазылған аналитикалық жазбасында кейбір елдердің дамушы нарығындағы ақшалай қарыздарын өтеудегі қиыншылықтарын атап өтті.

313663

Сурет: chernovik.net 

Оның айтуынша, Бразилия, Ресей, Қазақстан, Нигерия мен Украина елдерінде ішкі қарыз мәселесі туады.

«Соңғы кездері біз дамыған елдердің ақшалай қарыздарының көбейіп бара жатқанын көріп жатырмыз. Енді оларға қарыздарын доллар курсы көтеріліп, мұнай құны төмендеген тұста өтеуге тура келеді. Соның салдарынан, Бразилия, Ресей, Нигерия, Қазақстан мен Украина елдері қиын жағдайда қалып отыр», – дейді Ротшильд.

Инвестиция тұрғысындағы мәселелер тек дамушы елдерге ғана емес, өзге елдерге де әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен, Ұлыбритания референдум нәтижесі бойынша Евро Одақта қалу-қалмауына байланыста қаржылай кедергілерге тап болады.

«Қытайдың өсу көлемі әлі де анық емес. Таяу Шығыс елдеріндегі дағдарыс мәселесі қашан оңалатынын белгісіз. АШҚ пен Евро Одақ экономикасының дамуы әзірге таң қаларлық күйде», – деп жазады Ротшильд

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар