Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ростов-на-Дону әуежайының үстінде «Боинг» апатқа ұшырады

Boeing-737-800 жолаушылар ұшағы Ростов-на-Дону әуежайына қонар сәтте апатқа ұшырады. Бортында экипажды қосқанда 61 адам бар болатын. Лайнер Дубайлық рейстің соңынан ұшып келе жатқан екен.

06

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлады.

Дәл қазір апат орнында төтенше жағдай қызметкерлерінің өкілдері жұмыс істеп, апаттың себебі анықталып жатыр.

Ұшақ әуежайға бірінші реттен қона алмай, екінші рет әуеде айналып келеді. Осы сәтте оқыс оқиға болады. Әуеде қирап, артынша жерге түскенде өртке оранады.

Ұшақтың бортында ересектерден бөлек, төрт бала болған. Апатқа ұшыраған ұшақ FlyDubai компаниясына тиесілі. Ресей министрлігі аталған оқиғадан кейін әуежайды жапқан. Дәл қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін РФ-да кезекті рет тікұшақ құлап, 4 адам қазаға ұшырады туралы жазған болатынбыз.

Талқылау