Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Россия-24» арнасы Берлиндегі дәрігердің өліміне күдікті ретінде америкалық жазушыны көрсетті

«Россия-24» арнасы Берлин ауруханасындағы атысқа байланысты күдікті ретінде америкалық жазушы әрі белсенді Майк Черновичті көрсетті. Бұған журнлист Алексей Ковалев назар аударды.

4318ad571c1706

Сурет: tjournal.ru

Арнадан көрсетілген репортажға байланысты екіжақты мәлімет берілген. Ол жергілікті тұрғын Микаэль Чернович немесе іздеуде жүрген Сэм Хайд дегенге келтіреді. Сол уақытта Лос-Анжелесте тұратын жазушы Майк Черновичтің суретін жариялайды.

Журналист Ковалев Майк Черновичті ресейлік арнадан қылмыскер ретінде көрсеткенін айтады. Алайда, бұған жазушы ешқандай жауап қатпаған.

0d4fb3af77e2b0

Айта кетейік, қайғылы оқиға 26 шілдеде Берлиннің Бенджамин Франклин емханасында болған. Ғимаратқа қаруланған белгісіз біреу кіріп келіп, дәрігердің бірін атып өлтірген. Соңынан өзіне қол жұмсаған. Полицейлер терактінің себебін нақты анықтаған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында терроризм бойынша төрт күдікті іздестіріліп жатыр

Францияның Ницца қаласында жойқын теракт жасалды (фото, видео)

Талқылау