Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналдудың пенальтиден тепкен добы жанкүйер қызды сұлатып салды (видео)

Канадалық жанкүйер бойжеткен Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың «Севиля» командасымен арадағы матчта пенальтиден тепкен добынан зардап шекті.

cristiano-ronaldo-ego-48765

Сурет diariogol.com

Әлемдік футбол жұлдызының қиыс кеткен добын жапа шеккен бойжеткеннің өзі түсірген. 58-інші минутта португальдықтың қақырата тепкен добы қақпадан жоғары кетіп, оператордың тура бетіне тиген.

Соңынан видеоның астына автор: тек беті көгергені болмаса елеулі жарақат алмағандығын, мұның есте қалар оқиға болғандығын жазды.

Талқылау