Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналдудың арқасына Месси деп жазып кеткен

Швейцарияның Цюрих қаласында өткізілген «Алтын доп» иегерін марапаттау салтанатынан кейін, белгісіз бір адамдар Криштиану Роналдудың Фунчаледегі (туған қаласы) ескерткішіне тиіскен.

image_l

Ашылғанына көп бола қоймаған ескерткішке соқтыққан бұзақылар, оның артқы бөлігіне аргентиналық аяқдопшы Мессидің атын таңбалап тастапты.

1452692049_l

Мұның әзірге қай футболшының фанаттары жасағаны белгісіз күйінде қалып отыр. Ал, 11 қаңтарда болған салтанатты кеште Лионель Месси өзінің кәсіби мансабындағы бесінші «Алтын добына» қол жеткізген еді. Ал португалдық ойыншы бұған дейін 3 рет үздік атанған.

Талқылау