Роналду шайпұлға 23 мың доллар қалдырып кетті

Әлемге әйгілі танымал футболшы, туриндік Ювентус командасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Коста Наварино» грек қонақүйінің жұмысшыларына шайпұлға деп шамамен 8 миллион теңге қалдырып кетті.

Роналду шайпұлға 23 мың доллар қалдырып кетті

Бұл туралы The Sun хабарлады,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Турин командасымен келіссөз жүргізу үшін Грецияға келген Роналду грек курортының қызметіне көңілі толғаны сонша, тіпті шайпұлға деп 8 миллион теңге қалдырып кетті. «Ювентус» өкілі сондай-ақ, қонақ үй әкімшілігінен бұл соманы барлық қызметкерлерге тең бөліп беруін сұрады.

Айта кетейік, 10 шілдеде Реал Мадрид командасы Роналдудың Ювентусқа ауысып кеткенін хабарлады. Италияда футболшының жалақысы жылына 30 миллион еуро болатын.

Журналистердің сөзіне қарағанда, португалдық спортшы секундына бір евро алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар