Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналду командаластарынан кешірім сұрады

Мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду “Атлетикомен” болған матчтан кейін айтқан сөзі үшін, командаластарынан кешірім сұраған.

рон

Сурет sport.news.am

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

29 ақпан күні жаттығу қарсаңында футболшы клубтағы әріптестерінен кешірім сұраған. Португалдық командаластарын кемсіту ойында болмағаны, мәселені басқа қырынан түсіндіргісі келгенін айтқан. “Реал” футболшылары командадағы үздік ойыншының пікірі мен сұраған кешіріміне түсіністікпен қараған.

Еске сала кетсек, мадридтік дербиде “Атлетикодан” 1:0 есебімен ұтылғаннан кейін, ол клубтағы ойыншылар туралы, “егер командадағы өзге ойыншылар да менің деңгейімде ойнаса, біз ұтылмас едік” деген болатын. Кейінірек, Роналдудың осы пікірінен кейін клуб президенті Флорентино Перес ойыншыны командада көргісі келмейді деген де әңгіме шыққан.

Талқылау