Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рөлде ән салған Шахизада қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытты (видео)

Шахизада немересіне арнап ән саламын деп көлікте қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытты.

025

Фото: instagram.com/shakhizada_art/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұлдыздардың тыныс-тіршілігі әрдайым жұрттың назарында. Осыған орай, олар сырт келбетіне ерекше күтім жасап, қымбат көлік тізгіндеуге тырысады. Олардың қатарында әнші Шахизада да бар.

“Land Cruiser әйел адамдар үшін өте ыңғайлы көлік. Жеті жыл бұрын туған күніме жолдасым сыйлаған болатын. Оның алдында да тура осындай көлігім болды. Өз басым ақ көлік мінгенді ұнатамын. Ең бірінші Жигули, кейін Kia, джип, Toyota Carina E, Suzuki, Alteima сынды көліктер міндім”, – дейді Шахизада өзінің темір тұлпарлары жайлы.

Бүгін ол немересіне ән арнаймын деп жұрттың назарына ілікті. Көлік рөлінде отырып ән айтқанымен қоймай, әнші қауіпсіздік белдігін тақпаған. “Шахизада, қауіпсіздік белбеуін тағып жүріңіз. Сақтансаң сақтаймын деген жақсы сөз бар!” – деп ескерту жасады желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Әнші Шахизада “жыртық” шалбар киемін деп жұрттың сынына қалды

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Шахизадаға белгісіз біреулер қастандық жасады

Талқылау