Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Робот жазған әңгіме Жапониядағы әдеби байқаудың ақтық сынына өтті

Хакодате болашақ университетінің ғалымдары жасанды интеллектімен бірлесе отырып әңгіме жазды, шығарма Хоси Синъити атындағы әдеби байқаудың ақтық сынына өтті, деп хабарлайды The Japan News.

робот

Nikkei Shinichi Hoshi Literary Award байқауына тапсырылған 1 450 шығарманың 11-і алгоритмдер көмегімен жазылған. «Компьютер роман жазған күн» атты шағын повесть бас жүлдені алмаса да іріктеудің бірінші кезеңінен өткен. Байқаудың қазылары шығарманы адам емес компьютер жазғанын білмеген.

«Бұған дейін жасанды сананы жауабы бар есепті шығартуға, ойындар ойнауға пайдаланып келдік. Енді біз нейрожеліні творчествомен айналысуын сынап көрдік», – дейді жазушы роботты әзірлеген Хитоси Мацубара. Алгоритм әңгіме құрай алуы үшін ғалымдар оған қажетті деректерді – бас кейіпкердің жынысы, сюжеттің сипаттамасы, сондай-ақ негізгі төл сөздер мен сөйлемдерді ұсынған. Технологияның басқа ерекшеліктері құпия ұсталуда.

Байқауға қатысқан фантаст жазушы Сатоши Хасенің айтуынша, повестің құрылымы жақсы болса да ондағы кейіпкерлер жеткілікті суреттелмеген.

Жазушылықпен айналысқан жасанды интеллектің әңгімесі: «Компьютер адамдарға жұмыс істеуден бас тартып бірінші орынға өзінің ықыласы ауған дүниені қойды», деп басталады.

 

Талқылау