Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риодағы жүлдесі үшін спортшыларына ең көп сыйақы төлеген елдер

Рио Олимпиадасындағы жеңісі үшін спортшыларына  ең көп мөлшерде сыйақы төлеген Сингапур,- деп хабарлайды Stan.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Олимпиадаааааа

Ел тарихында алғаш рет суда жүзу спортының спортшысы  Джозеф Скулинг 100м қашыққа жүзуден рекорд жаңартты. 21 жастағы спортшыға Олимп шыңын бағындыру үшін  аты аңызға айналған америкалық Майкл  Фелпстің рекордын жаңартуға тура келді.

Джозефке 800 мың АҚШ доллары сыйақы ретінде беріледі. Әрине ол қаржының 20%-ы  Ұлттық спорт қауымдастығына беріледі.Ол ақша  жаңа чемпиондардың дайындығына жұмсалады.

Индонезия елі де Олимпиада жеңімпаздарына жомарттық танытып отыр. Мұнда чемпион атанған спортшыға  еліне оралған сәтте бірден  376 000 АҚШ доллары, оған қоса өмір бойынай айына 1500 АҚШ доллары төленіп отырады. Бұдан бөлек Индонезия  Бадминтон федерациясы Риода чемпион атанған спортшысына  жоғарыда айтылған қаржыдан бөлек 76 000 АҚШ доллары көлемінде  сыйақыны қосып берген.

Көршілес елдерден Малайзия да сыйақы тағайындау бойынша кем түспейді. Бұл елдің спортшылары Рио Олимпиадасынан қола, күміс жүлделер алды. Чемпион шыққанда оған бұрын соңды көрсетілмеген сый-құрмет жасалары анық еді. Елде чемпионға 372 000 АҚШ долларын сыйақы ретінде төлеу бекітілген. Бұдан бөлек салмағы 12 келі шығатын алтын құйма, оның бағасы 600 000 АҚШ доллары шамасында дайындалған еді. Рио олимпиадасы бойынша Малайзия  4 күміске  75 000 АҚШ долларын, 1 қолаға 25 000 АҚШ долларын төледі. Бұған қоса жүлде алған спортшылардың барлығы өмір бойына 1200 АҚШ доллары шамасында айсайынға төлем алып отырады.

Тайланд көршілестеріне қарағанда  медаль саны бойынша көш ілгері шықты. Онда ел қоржынында 24 медаль бар. Яғни 7 алтын, 6 күміс, 11 қола. Тайланд спортшылары ауыр атлетика мен тхэквондодан мықты. Тайланд алтын медаль үшін – 288 000 АҚШ долларын, күміс медальға- 173 000 АҚШ долларын, қолаға -115 000 АҚШ долларын төледі. Бұл елінің заңы бойынша  қаржының жартысы спортшыға бірден беріледі. Ал қалған жартысы 20 жыл ішінде айсайын бөлшектеніп төленеді. Мұндай шешімге спортшылардың қомақты қаржыны ойынхана мен бір күндік кешке салып жіберген кездері көбп болғандықтан  қабылдаған.

Филиппиндіктер де жеңіске жеткен спортшыға төленетін қаржыдан тарынған емес. Бұл ел 1924 жылдан бері Олимп шыңын бағындыра алмай келеді. Риодағы жеңіс үшін әр бір спортшыға 212 000 АҚШ доллары белгіленген еді. 2016 жылғы жазғы ойындарда  бұл ел қоржыны жалғыз медальды қанағат тұтты. Ауыр атлетика бойынша Хидилин Диас күміс жүлдегер атанды. Ол үшін спортшы 106 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

ТМД елдері арасынан спортшыларына жомарттық танытатын  Әзірбайжан елі. Бұған дейін бұл елдің спортшылары алтын үшін  510 000 АҚШ долларын алатын. Осы жолы әлемдік дағдарыс әсер еткен болса керек  әзірбайжандық спортшылар 255 000 АҚШ долларын алды.

Қазақстан алтын медаль үшін спортшыға 250 000 АҚШ долларын төледі.

Спорттан алдыңғы қатарда тұрған державалар арасында спортшыларына жомарт Ресей екен. Онда Рио жеңімпаздары арасынан алтын алған спортшыға – 60 000 АҚШ доллары, күміс иегеріне – 37 000 АҚШ доллары,  қола жүлдегеріне – 25 000 АҚШ доллары берілді. Айтакететіні, реселіктер  спортшыға берілетін сыйақының көлемін рубльмен есептегенде Лондон Олимпиадасындағы бағада қалдырды. Бірақ долларға ауыстырған кезде соның жартысы болып қалды.

Қытайда алтын -$ 50 000, күміс -$25 000,  қола-$ 15 000. Есесіне,  Олимп шыңын бағындырған қытайлық спортшыладар  елге оралғаннан кейін жақсы жерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады. Оларға өмір бойғы зейнетақы тағайындалады.

Тек АҚШ-ғана өз спортшыларын шектен тыс ақшаға қарық қылмайды екен. Мысалы, ол елде Олимпиада чемпионына берілетін қаржы көлемі 1984 жылдан бері еш өзгермепті. Алтын-$ 25 000, күміс-  $15 000, қола- $ 10 000. Бұл салығы ұсталмаған сыйақы көлемі.  Осы сыйақыдан алтын алған спортшы $ 9900, күміс-$ 5940, қола-$ 3960 көлемінде салық төлейді.

Осы орайда айта кететін жайт, қазақстандықтар арасынана  спортшыға қомақты қаржы төлеуді  артық көретіндер саны күн санап көбеюде.  Олар спортшыға берілетін  қомақты қаржының көлемін азайтып, қалғанын әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен көпбаллалы  аналарға табыстауды ұсынады.  Мысалы, Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың  біразы орын ала алмаса да 4-ші, 5-ші орынға лайық деп танылып,  $ 30 000, $ 10 000 көлемінде сыйақы алды. Бұл қаржылай сыйлықтан бөлек спортшыларымызға  облыс, аймақ, қала әкімдері көлік мінгізіп, пәтер сыйлап жатқан жағдайлар көп.  Ал өз атынан бағалы сыйлық тарту ететін кәсіпкерлердің жомарттығы онда бар.

Жіберіп алмаңыз:

Халық: Чемпионға – $250 000, ал көпбалалы ананы алқамен алдаймыз

Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне жол талғамайтын көлік  сыйлады (фото)

Олимпиадада «қола» жүлде алған  Сыздықоваға  пәтер сыйға беріледі

Иван Дычкоға Қостанайдан үш бөлмелі пәтер сыйлады

Олимпиада жүлдегері Карина Горичеваға 10 миллион теңгенің сертификаты табысталды

 

 

Талқылау