Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риода Василий Левиттің бала күнгі арманы орындалды

Рио-де-Жанейро қаласына бару қазақстандық боксшы, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің арманы болған екен.

13643506_1039007666206171_797476762_n

Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды.

“Бала күнгі арманым орындалды. Мен бұл жерге де келдім”, – деп жазды Василий әйгілі Христос ескерткішінің қасында түскен суретінің астына.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасаған төрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.

Алайда Левитті барша жанкүйерлер мен спорт функционерлері қызу қолдап, оған “алтын” алған спортшыға тағайындалған сыйақының да берілетіні белгілі болды. Ал қазақстандық әзілкештер болса, аталмыш жекпе-жекке қатысты қалжың ролик түсіріп, желіде ресейлік боксшыны әжуалады.

Талқылау