Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін құтқарды

Бапкердің жүрегі, бауыры, екі бүйрегі  донор күтіп жатқан төрт науқасқа салынды. Ота сәтті аяқталып, төрт адамның өмірі сақталды. Ханце  жұма күні  Рио-де-Жанерода жол көлік оқиғасына тап болып, басынан қатты жарақаттанған болатын.

Ханце

Неміс су спорты құрамасының  бапкері  Штефан Хенце  Рио-де-Жанеродағы Олимпиада ойындары кезінде  қайтыс болып, төрт науқастың өмірін сақтап қалды,- деп жазды РИА Жаңалықтары.

35 жастағы бапкер жол апатына ұшырағаннан кейін бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оның басына сол сәтте-ақ ота жасалған. Бірақ, дүйсенбі күні бапкер қайтыс болып кеткен. Хенценің жанында отбасы мүшелері болған.

Хенценің өзі каноэ-екіліктен 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

 

Талқылау