Риода алты боксшымыз жарысты жалғастырады

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 8:57

49 келі салмақта өзбек Хасанбай Дусматов Олимпиада чемпионы атанып, өз еліне алғашқы алтынды сыйлады. Қазақ жігіттері де жүлделі орыннан дәмелі. Олимпиада шаршы алаңында сынға түсіп жатқан жеті боксшымыздың біреуі жарысты аяқтады.

боксшы

Бұл туралы 24.kz жазды.

Бүгін 56 келі салмақтағы Қайрат Ералиев өзбек Мұратжан Ахмадалиевтен ұпай санымен ұтылып қалды. Былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған өзбек боксшысы алғашқы екі раундты өз пайдасына шешті. Қайрат соңғы кезеңде жақсы өнер көрсетіп, таразы басын өзіне аударған.

Алайда жалпы есепте жеңіске жетуге бұл аздық етті. Төреші өзбекстандық спортшының қолын көтерді. Қайрат Олимпиада ойындарын екінші айналымда аяқтады. Жалпы өзбек боксшылары Рио Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін 49 келідегі Хасанбай Дусматов өзбектерге 16 жыл бағынбаған Олимп шыңын бағындырып, алтын медальды мойынына тақты. Бұл жігіт ширек финалда біздің Біржаннан басым түскен еді.

81 келідегі Әділбек Ниязымбетов қатарынан екінші Олимпиадасында медаль алады. Маңғыстаулық боксшы ширек финалда әзірбайжандық Тимур Мамадовтан басым түсті. Алғашқы раундтан белсенді қимылдаған Әділбек бапкерлер тапсырмасын тиянақты орындап, қарсыласының әлсіз тұсын дәл тапты.

Үш төреші де Ниязымбетовтың жеңісіне күмән келтірмеді. Енді Әділбек британиялық боксшымен кездеседі. Бүгін Рио шаршы алаңында Олжас Сәттібаев шығады. Жәнібек Әлімханұлы ширек финалдық жекпе-жегін өткізсе, Данияр Елеусінов финалдық жолдама үшін сайысқа түседі. Ал 91 келідегі Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен Олимпиада алтынын сарапқа салады.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Казахстан Алга. Биздин спортшылар мыкты екенин далелдеп жатыр. Бирак коре алмастык басым

  • Анонимно says:

    Рио торинде сынга тусип жаткан боксшыларымыз оте мыкты дайындалган. Окиништиси судит етип жатыр. Казакты коре алмаушылык деген ойдамын. Енди калган боксшылар тартынып калмай жиберген есени кайтарса екен. Спортшылар еш мойымасын. Биз ушин олар ардайым чемпион.

  • Тараз says:

    Сәттілік!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар