Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова сары кабриолетпен Қарағандыны аралады

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 16:51

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованы Қарағандыда салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20160824140829

Спортшының құрметіне автошеру ұйымдастырылды. Мемлекеттік туы бар көліктер «Шахтер» стадионынан бастап, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Спортшыны сары кабриолетпен алып жүрді.

«Мені жолдан тоқтатып, біздің мақтанышымызды қыдыртуды өтінді. Қуана-қуана келістім. Бұл мен үшін зор қуаныш. Мен өзім бұрынғы спортшымын, 7 жыл дзюдомен айналысқанмын», – деді көлік жүргізушісі Ольга Богданова.

Олимпиада жүлдегері өзіне мұнша көп назардың аударылғанын ұнатпайтынын мойындады.

«Мен тыныштықты, сабырлықты жақсы көремін. Ата-анамның үйінде демалуды жоспарлап отырмын (СҚО, Айыртау ауданы, Каменный Брод ауылы – ред.). Олар мені Астанадағы әуежайдан күтіп алды, қазір менімен бірге Қарағандыда», – деді Сыздықова.

20160824135313

Эльмира Сыздықова – Ә. Молдағұлова атындағы балалар спортында дарындыларға арналған интернаттың тәрбиеленушісі. ҚР әйелдер күресі бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері. 2011 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 және 2016 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Жеке бапкер – Владислав Сутормин.

Қарағандыға Эльмира 10 жыл бұрын СҚО-дан келген. Бұған олимпиадалық резерв, балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы, оның ағасы Райымбек Сыздықов ықпал етті.

Еске салсақ, қазақстандық Эльмира Сыздықова жарыста мысырлық Энас Мұстафаны 7:4 есебімен ұтып, Олимпиаданың үшінші орнын иеленді. 69 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орынды жапондық Сара Досо, екінші орынды ресейлік Наталья Воробьева иеленген болатын.

20160824135317

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар