Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио Олимпиадасының медальдары таныстырылды (фото)

Рио де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдар таныстырылды.

20160804101126

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Риода Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінетін спортшыларға салтанатты түрде табысталатын медальдар таныстырылды.

20160804101205

Медальда Рио Олимпиадасының логотипі мен Жеңіс құдайы саналатын Никаның фонында Акрополис пен Панатинаикос бейнеленген. Әрбір медальдің салмағы 500 граммды құрайтын 2500-ге жуық медаль дайындалған.

20160804101208

20160804101212

20160804101223

Чемпион атанған спортшыларға табысталатын алтын медальды жасауға сынап пайдаланылмаған. Өндіріс талаптарына сәйкес күміс пен қола медальдің 30 пайызы қайта өңделген материалдардан жасалған.

20160804101201

20160804101217

20160804101228

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 5 тамызда басталып, 21 тамыз күні аяқталады. Сондай-ақ, кеше “Қазақстан” және “Kazsport” телеарнасындағы Рио олимпиадасының көрсетілім кестесі жария етілген. Сәйкесінше, олимпиада ойындарына 1,5 млн билет сатылмай қалған.

Талқылау