Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио олимпиадасындағы бассейн суы аяқ астынан жасыл түске айналып кетті (фото)

Рио-де-Жанейродағы Мария Ленк атындағы Олимпиада жүзу орталығында күтпеген оқиға орын алды. Белгісіз себептермен бассейндердің біріндегі су ашық-жасыл түске айналды.

_90733864_6abb9d6f-c76a-4307-9ddb-af596e1e8241

Сейсенбі күні ерлер арасында 10 метр биіктіктен суға синхронды секіруден финалдық кездесу өтті. Куәгерлердің айтуынша, жарыс күні су көгілдір түсті болған.

Келесі күні дәл сол бассейнде әйелдер сайысқа түсті. Нәзік жандылардың жасыл түске айналған бассейнге түсулеріне тура келді.

Бір тәулік ішінде судың түсінің неліктен өзгергендігін сайыс ұйымдастырушылары түсіндіре алмады. Олардың сөзіне сүйенсек, жарыстан бұрын су тексерістен өткен. Күмәнді түсіне қарамастан, судың еш қауіптілігі жоқ.

“Ешқашан мұндай түсті суға секірмеппін”, – дейді сайыс нәтижесі бойынша Луи Тулсонмен бірге бесінші орынды місе тұтқан британиялық спортшы Тоня Коуч.

Әлеуметтік желілерде «бассейнге түнде Шрек шомылып шыққан шығар», «мұндай батпақты суға спортшылар емес, теңіз арыстандары түсу керек» деген сынды әзілдер тарап кетті.

Бір қызығы, синхронды жүзуден сайыс өткен келесі бассейннің суы өзгермеген, көгілдір түсте қалған.

Халықаралық жүзу федерациясының қоғаммен байланыс өкілі Педро Адрега «жарыс қатысушылары бассейннің бетіне түсетін күн сәулесінің ықпалын төмендету үшін судың түсін ауыстыруды өздері сұраған болуы мүмкін» деп болжамдады.

Ал американдық фотографтар түнде судың құрамындағы хлордың мөлшері азайып, соның салдарынан балдырлардың көбею мүмкіндігі жайлы сөз қозғаған.

Жарыс өткен бірнеше сағаттың ішінде судың түсі жасылдана түскен.

Қуаныштысы, бұл жағдай спортшылардың денсаулықтары мен сайыс нәтижесіне кері әсерін тигізбеген.

«Рио-2016 Олимпиадасының қатысушылары мен көрермендері сайыстың мінсіз ұйымдастырылғандығында сенімді болулары керек. Бұл өте маңызды. Біз орын алған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жалғастырамыз”, – делінген ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстаннан шыққан қыз Риодағы бокс ойындарында төрелік етеді (фото)

Рио-2016: 10 тамызда қазақстандықтар спорттың 4 түрі бойынша сайысқа шығады

Рио Олимпиадасы: Дмитрий Баландин финалға өтті

Алексей Ни бүгінгі сайыста бір алтын мен бір күміс алып беруге уәде берді

Талқылау