Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио Олимпиадасында топ жарған қазақстандықтар сыйақыны жаңа бағаммен алады

Үкіметтің 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы №1345 Қаулысына сай алтын медаль алған спортшыларға мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары беріледі. Сондай-ақ, күміс медаль үшін – 150 мың, ал қола жүлдеге 75 мың доллардан тағайындалған. 27-01-2016-medal-01

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша үздік алтылыққа енген спортшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Яғни, 4-орынға – 30 мың, 5-орынға – 10 мың және 6-орынға 5 мың доллардан беріледі. Одан бөлек, спортшылардың жеке жаттықтырушыларына да осындай көлемде сыйақы қарастырылған.

Барлық сыйақы доллардың қазіргі бағамы бойынша теңгемен беріледі. Бұл биылғы Олимпиадаға қатысушылар сыйақыны төрт жыл бұрынғы додада топ жарған спортшылардан екі жарым есеге көп алады деген сөз.

Әзірге Ұлттық банктегі бір доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 380-ге тең. Соған орай, биыл чемпион атанған саңлақ 95 миллион теңгені қалтасына басады. Ал Лондон Олимпиадасы өткен 2012 жылдың тамыз айында бір доллардың бағасы 149 теңге болып, «алтын» алғандарға 37 миллион 250 мың теңгеден берілген еді.

Талқылау