Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио олимпиадасы белгісін әуеде құрастырмақшы болған екі парашютші қайтыс болды

Бойтува қаласында олимпиадалық белгіні әуеде құрастыру кезінде екі бразилиялық парашютші қайтыс болды. Олар Сан-Паулу қаласынан 117 шақырым қашықтықта болған.

full-6288091original-1467392071

Сурет topre.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Қайтыс болғандар парашют спортынан Бразилия чемпионы Густаво Коррея Гарсез бен инструктор Гильерме Баштуш Падилья екен. Олар екеуі 28 адамнан құралған топ құрамында болған. Олар әуеде 5 олимпиадалық сақинаны құрастырмақшы болыпты.

Трюкті жүзеге асырғаннан кейін парашюттері ашылмай қалып, спортшылар ажал құшқан. Падилья сол жерде миы шайқалып көз жұмса, Гарсез ауруханаға жеткізілгеннен соң бірнеше минуттан соң қайтыс болған.

Полиция аталған оқиға бойынша зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Сараптамаға спортшылардың секіру кезінде пайдаланған құрылғылары алынды. Рио-2016 ұйымдастырушы комитеті аталған акцияның олимпиада ойындарының ашылу салтанатына ресми дайындық құрамына кірмейтінін айтқан.

Талқылау