Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-де-Жанейрода журналистер отырған автобусқа шабуыл жасалды

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындары кезінде журналистер отырған автобусқа жасалған шабуыл салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы бразилиялық Estadao порталы хабарлады.

оқ-атты

Жолаушылардың бірінің айтуынша, Деодоро олимпиада кластерінен негізгі  баспасөз орталығына бағыт алған журналистер отырған автобусқа белгісіз біреулер оқ жаудырған.

Оқиға салдарынан Түркиядан келген ерікті мен Беларусь елінің журналисі зардап шекті, олар жеңіл жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл кезінде қарудың дауысына ұқсас дыбыс шыққан. Алайда полиция автобусқа белгісіз біреулер тас лақтырып, терезелерін сындырды деген мәлімет таратып отыр. Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы комитеті тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

 

Талқылау