Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио-де-Жанейрода Олимпиада алауы жағылды

Бразилияда Рио-де-Жанейро қаласында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Олимпиаданың ашылу салтанаты Бразилия байрағының көкке көтеріліп, Әнұранының шырқалуымен басталды. Бұдан кейін, БҰҰ Бас xатшысы Пан Ги Мун Ойындарға қатысқалы келген спортшыларға сәттілік тілеп, әлем xалықтарын Олимпиада кезінде бейбітшілікті сақтауға үндеді.

00

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ары қарай басты шоу театрландырылған қойылыммен жалғасты. Оның сюжеті бойынша алдымен Жердегі өмірдің пайда болуы, Бразилия жеріндегі түпкі xалықтардың тууы, тұңғыш рет олардың өмірге қамдануы, ұлттық дәстүрлердің қалыптасуы суреттеледі. Қазіргі уақытта Бразилия түпкі xалқының саны 900 мыңнан ғана асады. Олар жүзден астам этникалық топқа бөлінген.

Тарам-тарам болған олар бүгінде үш жүзге таяу тілде сөйлейді. Кейін Оңтүстік Америкаға португалиялық келімсектердің келе бастауы, алғаш рет жергілікті xалықтармен кездесуі баян етіледі. Одан соң, бұл жерге португалиялықтардың қара еңбекке тартқан африкалық құлдардың ағылуы, төрт жүз жылға созылған құлиеленушілік дәуір, жер шаруашылығының дамуы жайында инсталяциялар көрсетіледі.

Сонымен қатар, тағы бір көш – солтүстік африкалық араб xалықтарының Бразиялияға көптеп келе бастауы, 20-шы ғасырдың басында жапон иммигранттарының көші де тариx беттеріне мәңгі жазылған. Осының барлығы Оңтүстік Америка құрлығында этникалық саналуандылыққа алып келді.

Театрландырылған қойылым Бразилиядағы эстрада жұлдыздары мен бишілердің өнеріне ұласты. Бұдан кейін дәстүр бойынша, Олимпиада ашылуында әлем спортшыларының шеруі өтті. Оған 207 елдің 12 мыңға тарта делегациясы қатысты. Спортшылар шеруі Бразилияның дәстүрлі карнавалына жалғасып кетті.

Осыдан соң, шараның ресми бөлігінде Бразилияның олимпиада комитетінің төрағасы Карлос Нузман мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Баx барша әлемге үндеулерін арнады.

Сонымен қатар, ХОК Олимпиада тариxында алғаш рет тағайындалып отырған Олимпиадалық қозғалысты дамытқаны үшін берілетін арнайы сыйлықты екі дүркін Олимпиада чемпионы, кениялық даңқты спортшы Кипчогу Кип Кейнуге табыс етті. Айта кетейік, бұл сыйлық енді бұдан былай барлық Олимпиада Ойындарында дәстүрлі түрде табысталатын болады.

Көп ұзамай, Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми байрағы көкке көтерілді. Салтанатты шараны атақты бразилиялық әнші және композитор Каэтану Велозу ары қарай іліп әкетті. Сонымен қатар, «Грэмми» сыйлығының бірнеше дүркін иегерімен бірге 2003-2008 жылдары Бразилияның мәдениет министрі болған музыкант Жилберту Жил мен әнші Анитта бір сахнаға шығып ән шырқады. Олардың әніне бразилиялық самба биінің танымал 12 мектебінің өнерпаздары карнавал шеруіне билеп шықты. Биге жақын бразилиялық xалық самба биімен салтанаттың көрігін қыздырды.

Соңында «Маракана» стадионына Олимпия алау жетізілді. 123 күн бойы 65 000 шақырымды жүріп өткен Олимпиада алауын бразилиялық марафоншы, 2004 жылғы Афина Олимпиадансың қола жүлдегері Вандерлей Кордейру жақты. Осылайша, эстафетасы 123 күнге жалғасқан Олимп алауының қазандығында тұтанды.

Олимпия алауы – Олимпиаданың бірден-бір символы. Ол жарыстың ашылу салтанатында қазандықта тұтанып, жарыс біткенге дейін жағылып тұрады.

Алауды тұтату рәсімі ежелгі Грекияда өткен Олимпия ойындарынан бастау алады. Сол кезде адамдар Прометей титанының ерлігіне құрмет ретінде алауды тұтату салтанатын өткізе бастаған. Аңыз бойынша Прометей Зевстен алауды ұрлап, адамдарға сыйға тартқан-мыс.

Антикалық алау содан 1928 жылға дейін тұтанған жоқ. Ол тек 1936 жылы қайта қолға алына бастады. Сол кездегі алау эстафетасы фашистік Германия жетекшілерінің бірі Йозеф Геббельстің ұсынысы бойынша өткізілді. Оған эстафета кезінде 3 000-нан астам желаяқ қатысқан. Алауды тұтату рәсімі 1936, 1948 жылдары Қысқы Олимпия ойындарында да болған. Бірақ, эстафетаны лайықты деңгейде өткізу 1952 жылы Ослода өткен Олимпиада қарсаңында мүмкін болды. Оның өзінде алауды ұстап жүру Олимпиядан емес, Моргендаледе бастау алды. Ал қазір алауды тұтату рәсімі Олимпиада жарыстан бірнеше ай бұрын басталып жүр.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, нақтырақ айтқанда, 207 елден 10,5 мың спортшы қатысады. Олар спорттың 33 түрі бойынша бақ сынасады. Рио Олимпиадасында барлығы 306 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Олимпиадаға ең көп спортшы апаратын ел – АҚШ болмақ. Рио Ойындары жолдамасын жеңіп алған америкалық спортшылар саны – 555. Олимпиадаға қатысатын спортшыларының саны жөнінен екінші орында Бразилия тұр. Ойындар қожайыны 462 жолдамаға қол жеткізіпті. Риоға Германиядан – 425, Қытайдан 416 спортшы аттанады. Осылардың арасында, мысалы, Қытай құрамасы сапында 35 Олимпиада чемпионы бар. Ал ең аз делегация Чад Республикасына тиесілі. Оның құрамы тек үш спортшыдан тұрады.

Қазақстан Рио Олимпиадасына спорттың 26 түрі бойынша 104 спортшыны аттандырды. Спортшыларымыздың төртеуі Лондон Олимпиадасының жүлдегерлері: Ольга Рыпакова (алтын), Әділбек Ниязымбетов (күміс), Иван Дычко (қола) және Гузель Манюрова (қола).


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті (видео)

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда (фото)

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық дзюдошылардың Рио олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Талқылау